21:31, 22 Ақпан 2016 | GMT +5
Керімбаева Мәскеудегі ITF турнирінің негізгі айналымына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Камила Керімбаева Мәскеуде жүлде қоры 25 мың долларлық ITF турнирінде жеке біліктілік сайысының сегіз финалының бірін жеңіп, жарыстың негізгі айналымына өтті.

Екінші айналым матчында біліктілік бойынша бірінші нөмірмен шыққан Керімбаева іріктеудің 13-ші ракеткасы, ресейлік Полина Монованы 6:2, 6:1 есебімен ұтты. Қарсыластардың жеке кездесулеріндегі есебі қазақстандықтың пайдасына 2:0 болды.
ITF топтамасы жарыстарының әйелдер туры Халықаралық теннис қауымдастығының тікелей қамқорлығында, деп жазады sports.kz.