Керімбаева Мысырда ITF сериясы турнирінің жұптық сынында финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Камила Керімбаева ресейлік Аминат Кушковамен жұптасып, Шарм-Эль-Шейхтегі (Мысыр) ITF сериясы турнирінің жұптық сынының финалына шықты. Бұл доданың жүлде қоры 10 мың доллар.

Керімбаева Мысырда ITF сериясы турнирінің жұптық сынында финалға шықты

Бұл туралы sports.kz. хабарлады.

Жартылай финалда Керімбаева/Кушкова жұбы жарыстың үшінші жұбы Елена-Теодора Кадар (Румыния) мен Келли Верстегті (Голландия) 6:1, 6:4 есебімен жеңіп ұтты. Финалда қазақстандық-ресейлік жұпқа қарсылас ретінде турнирдің екінші жұбы - Диана Боголи (Украина)/Полина Лейкина (Ресей) шығады.