Керімбаева Мысырда ITF сериясы турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Камила Керімбаева ресейлік Аминат Кушковамен жұптасып, Шарм-Эль-Шейхтегі (Мысыр) ITF сериясы турнирінің жұптық сынының финалында жеңіске жетті.

Керімбаева Мысырда ITF сериясы турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті

Бұл туралы sports.kz. хабарлады.

Финалда Керімбаева/Кушкова жұбы қарсыластары Диана Боголи (Украина)/Полина Лейкина (Ресей) жұбынан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті. Жартылай финалда олар Елена-Теодора Кадар (Румыния) мен Келли Верстегті (Голландия) 6:1, 6:4 есебімен ұтқан болатын.