Кэрри: АҚШ Ауғанстанның болашақ президентімен ынтымақтастыққа дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Ауғанстанның болашақ президентімен ынтымақтастыққа дайын және ауған халқымен арада тұрақты серіктестік жолға қойылады деген сенімде.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри таяу сенбіде Ауғанстанда өтуі көзделген президенттік және муниципальдық сайлауға байланысты осылай мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Ол алдағы дауыс беруді «тарихи» деп атады.
Керридің сөзіне қарағанда, бұл сайлаулар Ауғанстанда биліктің тұңғыш рет демократиялық жолмен ауысуы бола алар еді. «Біздің бәріміз осыған қол жеткізілуіне мүдделіміз»,-деп атап өтті америкалық дипломат.