Керри америкалық теңізшілерді босатқаны үшін Иранға алғыс білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы америкалық кемелердің Иран аумақтық суларын бұзған жағдайында ықпалдасқаны үшін Иранға алғыс айтты.
Бұл туралы АҚШ мемдепартаментінің хабарламасында айтылды.
Кувейттен Бахрейнге бағыт алған АҚШ ӘТК екі катері Иранның аумақтық суларына шығып кетіп, ұсталды. Қолға түскен он экипаж мүшесінің тоғызы ер адам және бірі - әйел.
Сәрсенбі күні Иранның америкалық теңізшілерді босатқаны белгілі болды.