Керри мен Олбрайт Трамптың жарлығына қарсы шағымды қолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық жоғары қызметтегі бұрынғы шенеуніктер тобы, соның ішінде АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Мадлен Олбрайт АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың иммиграциялық жарлығына қарсы шағымды қолдау мақсатында сараптама қорытындысын аппеляциялық сотқа берді, деп хабарлайды NBC News телеарнасы.
Сенбі күні белгілі болғандай, Сиэтлдегі федералдық сот тыйым салғаннан кейін, АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі Трамптың иммиграциялық жарлығын жүзеге асыру бойынша барлық әрекетті тоқтатты. АҚШ-тың әділет министрлігі сенбі күні Сиэтлдегі соттың шешімін апелляцияға берді, кейіннен АҚШ-тың тоғызыншы округінің апелляциялық соты бұл шағымды қабылдамады.