«Керуенде» шетел елшісін тонап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шет мемлекеттердің бірінің Қазақстандағы Елшісін «Керуен» сауда орталығында тонап кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Керуенде» шетел елшісін тонап кетті

«Астанада қалалық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері бұған дейін сотты болған Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол 17 тамыз күні «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында шет мемлекеттердің бірінің Қазақстандағы Елшісінің пиджагының қалтасынан әмиянын ұрлап кеткен», - деді ол.

Сондай-ақ ресми өкілдің айтуынша, Қостанай облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының бұған дейін сотты болған тұрғынын ұстады. Оның тұрғылықты мекен-жайынан «РПГ-22» граната атқышы табылған.