Кеше Алматы облысында екі өрт оқиғасы болды, адам шығыны бар - ТЖМ
АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Алматы облысында болған өрт оқиғалары екі адамның өмірін қиып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жану оқиғалардың бірі 5 сағат 15 минутта, Қарасай ауданы Алғабас ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде 100 шаршы метр аумақта болды. Өртті сөндіру барысында ер адамның мәйіті табылды (тұлғасы анықталған жоқ). Тілсіз жау ҚР ТЖМ-ның Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің күшімен 7 сағат 50 минутта ауыздықталды.
Сондай-ақ осы күні сағат 22.55-те Талғар ауданы Гүлдала кентіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. 80 шаршы метрге тараған жалынды сөндіру барысында 1938 жылы туған азаматтың денесі табылды.