Кеше Алматы-Өскемен автожолында екі жол-көлік оқиғасы болды

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Алматы-Өскемен тас жолында бірден екі жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан екі адам мерт болып, 4  адам ауруханаға жеткізілді,

Кеше Алматы-Өскемен автожолында екі жол-көлік оқиғасы болды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 Жол-көлік оқиғаларының бірі Алакөл ауданындағы  Алматы-Өскемен автожолының 488-ші шақырымында 14 сағат 20 минутта болды. «Мицубиси» және «Фольксваген» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан, «Мицубиси» көлігін мінген  әйел азамат (тұлғасы анықталған жоқ) оқиға орнында көз жұмса, оның 7 жасар және екінші автокөліктің 23 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Екінші апат Көксу ауданындағы   Алматы-Өскемен автожолының 224-ші шақырымында «Тойота» және «Субару» автокөліктерінің қатысуымен 16 сағат 30 минутта орын алды. Нәтижесінде 13 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.