Кеше Астана саябағында демалып жүрген 11 адамға жай түсті, адам шығыны бар
СТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым, Астана саябағының жағажайында демалып жүрген 11 адамға жай түсті, мерт болғандар бар.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, тамыздың 5-і күні 18 сағат 17 минутта Есіл ауданында орналасқан елордалық ойын-сауық саябағындағы жағажайда демалып жүрген 11 адамға жай түсті.
Құтқарушылардың айтуынша, 35 жастағы азаматша тілге келместен сол жерде жан тәсілім еткен, қалған 10 адам, олардың ішінде 2-10 жас аралығындағы 5 бала ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайды жоюға судан-құтқару қызметінің 13 адамы және ТЖМ-ның 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.