Кеше бірден 7 теңгеге арзандаған доллар бүгін жайлап көтеріле бастады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,73 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 453, 13 теңге.
Ұлттық банктің 22 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 452,34 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 453 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 455,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңге, сатып алу құны– 455 теңге.
Ресей рублі 4,74 – 4,88 теңге аралығында саудаланып жатыр.