Кеше еліміздің жоғары жылдамдықты күре жолдарында үш адам мерт болып, 7 адам зардап шекті

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні республика жолдарында орын алған жол-көлік оқиғаларында 3 адам қаза тауып, 7 адам түрлі дене жарақаттарын алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысы Алматы-Ташкент автожолының 154-ші шақырымында «Мерседес» үлгісіндегі екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан, Қырғызстан Республикасының азаматтары болған автокөліктегі 55-60 жас шамасындағы әйел (тұлғасы анықталмаған) оқиға орнында жан тәсілім етсе, сол көліктің тағы үш азаматы ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, осы автожолдың 165-ші шақырымында «БМВ» және «Хюндай» автокөліктерінің қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайғылы оқиғада бірінші көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, оның 20 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы Алматы-Өскемен автожолының 754-ші шақырымында «Ауди» автокөлігі аударылып, оның 31 жастағы жүргізушісі алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды.

Осы күні Көкшетау-Рузаев автожолының 80-ші шақырымында «ВАЗ» және «Фольксваген» автокөліктері жүргізушілерінің мұқиятсыздығынан орын алған апаттың салдарынан, үш жолаушы түрлі дене жарақттарымен ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар