15:39, 01 Наурыз 2009 | GMT +5
Кеше елордада «Абай» операсының премьерасы өтті
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - /Құралай Жолдыбаева/ - Кеше Астанада Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының премьерасы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Абай ? ескірмейтін мәңгі тақырып. Елорданың опера және балет театрында данышпан ойшылдың сахналық образы алғаш рет сомдалып отыр. Рөлдерді жас әртістер орындады, олар алға қойған міндеттерін абыроймен орындап шықты», - деді операның премьерасында қоюшы режиссер, ҚР халық әртісі Есмұқан Обаев.Операны сахналауға белгілі өнер шеберлері Абзал Мұхитдинов, Есенгелді Тұяқов, Тұрсынбек Нұрқалиев, Ғалия Бөрібаева, Махмұт Тойкенов және басқалар қатысты. Басты рөлде ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Айдар рөлінде ? Қияқбай Асамбаев, Ажар ? Ғалия Байғазинова, Әзім ? Қанат Омарбаев ойнады.