Кеше елордада жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам қаза тапты
АСТАНА. Шілденің 25-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеше кешкісін Әуезов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында көлік апаты болып, бір адам қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға кешкі сағат 21 45-те орын алды. А 158 RAM нөмірлі «КамАЗ» жүк көлігімен Z 158 RAM «Ауди 100» машинасының соқтығысуы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі, 1988 жылы туған азамат оқиға орнында қаза тапса, оның жолаушысы аяғы сынып, ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы зардап шеккен жоқ.
Жол апатын көргендердің айтуынша, екі автомобильде Әуезов көшесімен бір-біріне қарсы бағытта қозғалып келе жатқан, жол қиылысына келгенде «КамАЗ» жүргізушісі шұғыл солға бұрылған. Осы кезде үлкен жылдамдықпен келе жатқан Ауди жүк көлігіне соғылған. Жеңіл машина қайта қалпына келтіруге жарамайды. Жүргізушіні шығару үшін құтқарушыларға машинаны кесуіне тура келген. Оқиғаның орын алу себептері тергелуде.