Кеше Г.Вишнякованың «Құпиям бар менің» кітабының тұсаукесері өтті
АНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Кеше елорданың Ресей ғылым және мәдениет орталығында Галина Вишнякованың «Құпиям бар менің» атты кітабының тұсаукесері өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір Интернет желілері пайда болғалы бері, 100-ден аса арналары бар теледидарды көргелі бері адамдар кітаптарды бұрынғыдан азырақ оқитын болды. Менің ойымша, жастарға олардың ата-аналары қалай өмір сүргені, олардың балалық шағы қалай өткені қызық болады деп ойлаймын. Айтайын дегенім, менің кітабым кеңес заманының қарапайым балалары, қарапайым әйелдері туралы», - деді Г.Вишнякова.
ҚазАқпарат анықтамасы: Галина Вишнякова Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданының Микоян ауылында дүниеге келген. 1980 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Г.Вишнякова Қазақстанның балалар қорында, ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім, ҚР Білім және ғылым министрліктерінде қызмет етті. 2000 жылдан бері «Нива» қазақстандық әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналында мақалалары жарық көріп келеді.