Кеше Қазақстанның автожолдарында 2 адам құрбан болып, тағы бес адам зардап шекті - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика жолдарында орын алған жол-көлік оқиғаларында бес адам зардап шегіп, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Мәселен, желтоқсанның 4-і күні сағат 17.30-да, Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек-Қорғас автожолының 43-ші шақырымында «Ауди» автокөлігі аударылып, апат салдарынан көліктің 50 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші мен оның тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен аурухана жеткізілді.

 Осы күні түңгі сағат 02.00-де Оңтүстік Қазақстан облысы Дархан ауылы, Фронтовое-Шыназ автожолының 192-ші шақырымында «БМВ» және «Газель» автокөліктерінің соқтығысуы болды. «БМВ-ның» 38 жастағы жүргізушісі апат орнында жан тәсілім етсе, екінші көліктің 23 және 49 жастағы жолаушылары ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар