Кеше республиканың автожолдарында 1 адам құрбан болып, 5 адам зардап шекті
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні республика жолдарында орын алған жол-көлік оқиғаларында 1 адам қаза тауып, 5 адам түрлі дене жарақаттарын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Мәселен, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Алматы-Ташкент автожолының 490-шы шақырымында «БМВ» және «ВАЗ» автокөліктері соғысып, салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен оның 25 және 3 жастағы жолаушылары, «БМВ»-ның 45 жастағы тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Шиелі-Қарғалы автожолының 7-ші шақырымында «Мазда» автокөлігі аударылып, оны басқарған 25 жастағы азамат оқиға орнында жан тәсілім етті.