Кеше түнде Алматының 80-ге жуық өрт сөндірушісі жер үйлердің ауласындағы қоралардан шыққан өртпен күресті

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Кеше түнде Алматының 80-ге жуық өрт сөндірушісі жекеменшік тұрғын үйлердің қора-қопсы құрылыстарында шыққан өртпен күресті.
None
None

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 29 қараша күні, түнгі сағат 12 шамасында Алматының Алмалы ауданындағы жер үйлердің ауласында, құрылыс материалдары орналасқан қора-қопсы жана бастады. Жалынның шарпыған аумағы 600 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 78 адамы мен 17 техникасы айналысты.

Соңғы жаңалықтар