Кеше түнде Астанадағы «Шарын» базарында ірі өрт болды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше түнде Астанадағы «Шарын» базарында ірі өрт болды.

Кеше түнде Астанадағы «Шарын» базарында ірі өрт болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт Сарыарқа ауданы Алаш шоссесінде орналасқан базардың ішіндегі азық-түлік сақталған шатыры жабық екі дүңгіршіктен шықты.

Төтенше жағдаймен күреске жұмылдырылған ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарқы құрылымының 69 адамы мен 15 техникасы тілсіз жауды 50 минутта ауыздықтап, бір жарым сағаттан кейін толығымен жойды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрады.

ТЖМ-нан анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.