08:56, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Кеше түнде елордадағы «Алматы» ауданында су құбыры тесіліп, біраз әлеуметтік нысандар мен жекелеген тұрғын үйлер сусыз қалды - ТЖМ
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Кеше, яғни 23 қараша күні елорданың «Алматы» ауданында 22 сағат 45 минутта тозығы жеткен су құбыры желісінің 100 миллиметрі жері жарылып, одан су атқылаған.

Нәтижесінде Тәуелсіздік даңғылының бойында орналасқан №2 балалар ауруханасы, перинаталды орталық пен Энергетик елді мекенінде тұратын жекелеген үйлер сусыз қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қолайсыз жағдай төтенше жағдайлар саласының 16 қызметкері мен «Астана су арнасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 5 техникасының көмегімен қалпына келтірілген.