Кеше түнде Қаскелеңнің «Жер Ана» базары жанды - ТЖМ

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Кеше түнде Алматы облысы Қаскелең қаласындағы «Жер Ана» базарында өрт болды.

Кеше түнде Қаскелеңнің «Жер Ана» базары жанды - ТЖМ

ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, дүйсенбі, шілденің 26-сы күні түңгі 12 шамасында Қарасай ауданындағы курчатов көшесінде орналасқан базардың 4 дүңгіршегі жанып, жалын 50 шаршы метр аумаққа тараған.

Құтқарушылардың айтуынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 15 адамы мен 3 техникасының күшімен 1 сағаттан кейін ауыздықталды.