Кешегі шағын қала ел ордасы болады дегенге ешкім де сенбеген еді - А.Смайыл

ың 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Менің осы қалада өмір сүріп жатқаныма талай  жыл   болды. Шындығын айтайын,  кезіндегі кішкентай ғана облыс орталығын елордасы болады десе ешкім де сенбес еді.

Кешегі шағын қала    ел   ордасы  болады дегенге ешкім де сенбеген еді - А.Смайыл

Оған тіпті мен өзім де сенген жоқпын. Ал түптеп келгенде елорданың осында көшірілуінің үлкен экономикалық, саяси, тіпті  ұлттық мәні бар», деді бүгін Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Депутаттың пікірінше, Президент сол кездегі қиындықтарға қарамастан астананы көшіру жөнінде дер кезінде мәселе көтерді. «Бұл ұлттың, мемлекеттің жемісі болды. Бұл бәріміздің жеңісіміз. Сондықтан мен бұл тойды тек қала күні ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының, мемлекетіміздің тойы деп есептеймін. Мен халық бұл мерекені барынша атап өтсе екен деймін. Астанамыз көркейе, жаңара  берсін! - деді халық қалаулысы.