Кешенді жекешелендіру: Қазақстанда 6 нысан 3,2 млрд теңгеге сатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кешенді жекешелендіру жобасы аясында 6 нысан 3,2 млрд теңгеге сатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2016-2020 жылдардағы кешенді жекешелендіру жоспарының іске асырылуы 93,2 пайызды құрады. 2020 жылға 68 нысанды сату жоспарланған. Оның 37-сі сатылуға қойылды. Есепті кезеңде 6 нысан 3,2 млрд теңгеге сатылды. 31 нысан сауда-саттыққа шығарылды», - деді ол.
Оның дерегінше, 3 нысан қайта ұйымдастыру және таратуға жіберіліп отыр.
«28 нысан жылдың аяғына дейін сатылуға шығарылады», - деді Әлихан Смайылов.