Кэти Фрименнің Олимпиада алауын тұтатқанда киген комбинезоны 14 жылдан соң табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық жеңіл атлетші қыз Кэти Фрименнің 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада алауын тұтатқанда үстіне киген ақ комбинезоны табылды. Шара аяқталған соң бірден киім ауыстыратын жерден жоғалып кеткен бұл костюмді құпия қалуды жөн санаған белгісіз біреу Мельбурндегі спорт мұражайына жіберген. Оның растығын анықтау үшін енді киімге ДНК сараптамасы жүргізілмек.

Кэти Фрименнің Олимпиада алауын тұтатқанда киген комбинезоны 14 жылдан соң табылды

«Біз бұл костюм қайта табылады деп ойлаған жоқпыз. Сондықтан оны Санта-Клаустың Рождествоға біздің олимпиадалық қозғалысымызға жасаған сыйлығы деп санаймыз», - дейді мұражай қызметкерлері. Австралиялық Кэти Фримен сол 2000 жылы өткен Ойындарда өз құрамасының символына айналған еді. Ол осы сайыста 400 метрлік қашықтыққа жүгіруден «алтын» жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады euronews.