Кэти Перри «Твиттеріне» 100 млн. жазылушы тіркелген әлемдегі алғашқы адам атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық әнші   Кэти Перри "Твиттеріне" 100 млн-нан астам адам жазылған әлемдегі алғашқы әлеуметтік желі қолданушысы атанды, деп жазады Би-би-си.

Кэти Перри «Твиттеріне» 100 млн. жазылушы тіркелген әлемдегі алғашқы адам атанды

Әртістің "Твиттердегі" парақшасында осыған байланысты микроблогтар сайты әкімшілігі атынан пост жарияланды.     

"Бүгін біз үлкен тарихтың куәсіміз", - делінген онда және әнші бірінші болып 100 млн. фолловер жинағаны айтылады.   

Twitter өз құттықтауында Кэти Перридің маусымда шыққан жаңа альбомының атауы - "Куәгер" ("Witness") сөзін пайдаланды.

Жазылушылар саны бойынша екінші орында канадалық әнші   Джастин Бибер тұр.  Оны "Твиттерде"   98 млн адам оқиды.