Кэтрин Эштон ЕО дипломатиясының басшысы қызметінде екінші мерзімге қалудан бас тартып отыр

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы уәкілі Кэтрин Эштон осы қызметіне екінші мәрте сайлауға түсуге ниетті емес екенін жеткізді. Бұл жайында Deutsche Welle хабарлады.
None
None

«Бұл айтарлықтай ауыр жұмыс. Осы орайда көп уақыт бойы сапарда жүріп, ұшақта отыруға тура келеді. Сондықтан да бұл қызметті басқа біреуге бергенді жөн санаймын»,-деді ол кеше Брюссельде. Оның өкілеттілігінің уақыты 2014 жылдың 31 қазанында аяқталады.

Айта кетейік, К. Эштон ЕО-ның мемлекет және үкімет басшыларымен еуропалық дипломатияның басшысы болып 2009 жылдың қазанында 5 жыл мерзімге сайланған болатын. Лиссабон келісіміне сәйкес бұл лауазымды қызметке екінші мәрте отыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар