Кеудесімен гранатаны жапқан полковник Серік Сұлтанғабиев РФ «Жақсылық жасауға асығыңыздар» медалімен марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеудесімен гранатаны жапқан Қазақстанның тумасы, РФ әскери қызметшісі Серік Сұлтанғабиев Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның «Жақсылық жасауға асығыңыздар» медалімен марапатталды.
«Марапаттау рәсімі 17 желтоқсанда өтті», - деп хабарланды Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органының сайтында.
Еске салсақ, 2014 жылғы қыркүйекте ол жарылғалы тұрған гранатадан сарбазды қорғап, өз кеудесін оққа тосқан. Әскери бөлімде өткен оқу-жаттығуда сержант Алексей Теленин жауынгерлік гранатаны қолынан түсіріп алды. Серік Сұлтанғабиев сарбазды итеріп жіберіп, снарядтың үстіне құлаған. Полковник ауыр жарақаттанды. Оған ресми түрде «Ресей батыры» атағы беріліп, ІІМ бас әскери госпиталінде алтын жұлдыз табыс етілді.