Кей адамдарға 5 сағаттық ұйқы жеткілікті – Focus

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дені сау болғысы келетін адам жақсы ұйықтауы керек. Бірақ неліктен кей адамдар аз ұйықтаса да, тың жүреді? АҚШ ғалымдары бұл сұрақтың жауабын тапты», деп жазады Focus.

Калифорния университетінің биологы Ин Хуэй-Фу әріптесі Луи Птачекпен бірге аз ұйықтаса да, ұйқылары қанып жүретін адамдардың қанына талдау жасады. Зерттеуге қатысқан адамдар күніне алты сағаттан аз ұйықтайды екен.

«Ғалымдардың мақаласы Science Translational Medicine журналында жарияланды. Онда аз ұйықтайтын адамдардың генінде мутация бары анықталған. Мұндай адамдар аз ұйықтаса да, есте сақтау қабілеті өзгермейді», деп жазады басылым.

Ғалымдар мұндай генді өзгеріс адамдарға ұйқыны тиімді жұмсауға мүмкіндік беретінін айтты. Дегенмен, бұл зерттеу нәтижесі ұйықтай алмай жүретін адамдарға арналған препарат дайындауға септігін тигізе алады.

Соңғы жаңалықтар