Кей аймақтарда жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылымы жоқ жер телімдері бөлініп жатыр - Үкімет отырысы

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат -  Кейбір өңірлерде жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылымы жасақталмаған жер телімдері бөлініп жатыр.
None
None

 Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігінің басшысы Қадырхан Отаров мәлім етті.

«Кейбір облыстарда жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына беру жалғасуда. Биылғы жылдың басынан бері республика бойынша 2 мыңға жуық жер учаскесі бөлінді. Олардың ішінде 56 пайызы дайындалмаған алаңдардан берілген»,-деп атап өтті агенттік төрағасы.

Осы тұрғыда ол әкімдіктерге жер заңнамасына сәйкес жер телімдерін тек инфрақұрылымы жасақталған алаңдардан беруге назар аудару керектігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар