Кей кездері алақол құрылысшылар нысандарды толық аяқтамай пайдалануға береді - Е.Айтуғанов

«Жыл соңына дейін 1200 орынға есептелген 9 мектепті тапсыру көзделген. Сондай-ақ қазіргі уақытта 15 мектептің және 15 мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жалғасуда. Жаңа нысандарға жол салу, электр энергиясын, жылу мен су тарту мәселелері Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп шешіледі. Алайда, кей кездері алақол құрылысшылар нысандарды құрылыс жұмыстарын толық аяқтамай пайдалануға береді, осыған байланысты жаңа компанияны іздеуге тура келеді», - деді Астана қаласы Құрылыс басқармасы басышысының міндетін атқарушы Ержас Айтуғанов. Қалалық мәслихат депутаттары объектіні пайдалануға беруді мұқият бақылап, жолдар мен тұрақ салу, ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізбей тұрғын үй кешенін қабылдамау керектігін көтерді.