Кей өңірлерде 43 градусқа дейін ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елдің көптеген облыстарында ыстық және құрғақ ауа райының қалыптасуына Қазақстанға жылжыған антициклон ықпал етті. Осы күндері тек солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, температура климаттық нормадан төмен болды.
Ал алдағы үш тәулікте, атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батыс, солтүстік және шығысындағы жекелеген жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Найзағай кезінде екпінді жел соғады. Ауа температурасы қалыпты нормада болатыны болжанады. Қазақстанның қалған аймақтарында ыстық ауа райы сақталады, термометр көрсеткіші кей жерлерде 38-43 градусқа дейін жоғарылайды, әдеттегіден 4-8ºС жоғары болады деп күтілуде», - делінген таратылған хабарламада.
Астана бойынша консультативтік ауа райы болжамы
4 шілде: көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы +19+21°С, күндіз +30+32°С.
5 шілде: көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с екпінмен соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде ауа температурасы +16+18°С, күндіз +26+28°С.
6 шілде: көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы +13+15°С, күндіз +28+30°С.
Алматы бойынша консультативтік ауа райы болжамы
4 шілде: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел - 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы +20+22°С, күндіз +34+36°С.
5 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел - 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы +21+23°С, күндіз +34+36°С.
6 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел - 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы +22+24°С, күндіз +35+37°С.