Кей өңірде үсік жүріп, кей аймақта +38 градус болады

АСТАНА. KAZINFORM –  АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Кей өңірде үсік жүріп, кей аймақта +38 градус ыстық болады
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алдағы күндері республика аумағында ауа райын Оңтүстік циклон қалыптастырады. Соған байланысты 6–8 мамыр аралығында еліміздің батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. 

6–7 мамырда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау облысында, 7–8 мамырда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады.

Тек Қарағанды облысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. 8 мамырда республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

6 мамырда Павлодар мен Абай облыстарында, 6–7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі және таңертеңгі уақытта үсік жүреді деп күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыс өңірлерде 23–30 градустан 21–26 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда 20–25 градустан 24–29 градусқа дейін көтеріледі. Орталықта 22–30 градустан 27–35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 31–38 градус, оңтүстік-шығыста 25–32 градустан 30–38 градусқа дейін ысиды. 

Айта кетелік бүгін антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз әрі жылы болады

Соңғы жаңалықтар