Кейбір кәсіпорындардың электр энергиясына қарызы көбейді - Б. Жақсалиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпорындарда электр энергиясына қарызы артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.

Кейбір кәсіпорындардың электр энергиясына қарызы көбейді - Б. Жақсалиев

«Электр энегиясындағы қарыз көлеміне тоқталатын болсақ, бұған әлемдік дағдарыс ықпал етуде. Осы орайда біздің кәсіпорындарда өтелмеген төлемдер өсіп отырғанын байқадық. Яғни, ұсынылған есеп-шоттарға бойынша кейбірі төлемеуде»,-деді вице-министр тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Сонымен қатар ол тұтынушыларда да электр қуатына төленбеген қарыздардың өсуі байқалып отырғанын жеткізді.

«Біздің ойымызша, бұл жағдай уақтылы, яғни таяу арада нарық бұл ахуалды ретке келтіреді»,-деді Б. Жақсалиев.

Бүгінде энергияны қайта үлестіретін көптеген ұйымдар қайта құрылымдау тұрғысында электр қуатын сатып алушылармен өздерінің келісімшарттық міндеттемелерін қайта қарастыруда.

Сондай-ақ вице-министр елімізде электр энергиясын өндіруде тапшылық жоқ екенін, ал кейбір облыстарда артығымен жинақталғанын атап өтті.