Кейбір мемлекеттік органдарда бір бос орынға бес үміткерден тіркелуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейбір мемлекеттік органдарда бір бос орынға үміткер ретінде бес адамға дейін тіркеледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы дөңгелек үстелде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті.
None
None

«Бір бос орынға кейбір мемлекеттік органдарда үміткерлер бес адамға дейін артты. Сонымен бірге он мыңға жуық жалпы конкурстар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер қатарын университет түлектері мен жеке сектор өкілдері қатарынан  бес мыңнан астам адам толықтырды. Жалпы, заңнаманы білу тестілеуіне 38 мың адам қатысып, оның ішінде оң бағаны 46 пайызы алды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 12 пайызға жоғары»,-деді А. Шайымова.

Оның сөзіне қарағанда, жеке біліктілігі мен қасиеттері бағалауынан 20 мың адам өтті, ал әңгімелесу барысындағы сынақты 18,5 мың адамның арасынан 12 мыңы еңсерді.

Сөз соңында ол  мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманы жүзеге асыру аясында енгізілген қадамдар қызметке тұру азаматтың еңбегіне қарай бағалану тапсырмасын орындауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар