13:24, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Кейбір нысандарды қаржыландыру кейінге шегеріледі - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Кейбір нысандарды қаржыландыру біршама уақытқа кейінге шегеріледі. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Біз мемлекеттік бағдарламалар қабылдадық. Салалық бағдарламалар да бар. Біз халыққа ұсынылғанның барлығы да ресурстармен толық қамтамасыз етіледі әрі ол орындалады дейміз. Барлық бағдарламалар маңызды емес деп айтпаймын. Олар керек. Дегенмен, мемлекеттің мүмкіншілігі де бар. Өйткені, пермаментті дағдарыс жағдайында біздерге ресурстарды ел үшін қиын-қыстау кезеңде сақтау қажет болады»,-деді Н. Назарбаев.
Сондықтан, Мемлекет басшысының атап өтуінше, кейбір нысандарды қаржыландыру шектелетін болады. Бұл конъюктураның өзгеруіне байланысты бюджет түсімдерінің өзгеріске ұшырауымен де ұштасып жатыр. «Сондықтан осыған негізделе отырып, шыдай тұра алатын кейбір нысандарды қаржыландыруды барынша кейінгі мерзімге қалдырамыз»,-деді ҚР Президенті.