Кейбір өңірлердің тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алынбаған - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде соңғы екі айда тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарлары сатып алынбаған. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ағымдағы жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорларындағы тауарлық интервенциялар жүргізуге арналған қор 12,2 мың тоннаны, алмастыруға берілгендер және жауапты сақтауға берілгендер 22,7 мың тоннаны құрады. Қолда бар 12,2 мың тоннаның  3 мың тоннасы қант, 0,83 мың тоннасы күнбағыс майы, 1,3 мың тоннасы 1 сұрыптағы бидай ұны, 0,497 мың тоннасы қарақұмық жармасы және 0,355 мың тоннасы макарон өнімдері», - деді ол.

Бірінші вице-министрдің дерегінше, өңірлер кескінінде қолда бар азық-түлік тауарлары Қостанай облысында 4,2 мың, Атырау  облысында 1,5 мың, СҚО-да 1 мың, Алматы қаласында 3,2 мың және Астана қаласында  0,7 мың тоннаны құрайды. Кейбір облыстарда қолда бар азық-түлік тауарлары аз, бірақ олардың көп бөлігі сақтауға берілген. Олар: Түркістан (8,6 мың тонна), ШҚО (7,4 мың тонна), Жамбыл (1,9 мың тонна), Ақтөбе (1,9 мың тонна), Қарағанды облыстары (1,2 мың тонна).

«Тауарлық интервенцияларды жүргізу үшін ӘКК есебінде 4,0 млрд теңге қаражат бар. Қаражаттардың ең көп мөлшері Астана қаласында - 1 536 млн теңге, Түркістан облысында - 587 млн теңге және Жамбыл облысында - 392 млн теңге. Осыны  ескере, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру бойынша штабтар жұмыстарының жандануы Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында байқалады, ал Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында соңғы екі айда тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарлары сатып алынбаған», - деді Евниев.

Соңғы жаңалықтар