Кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келеді - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келеді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келеді - Тоқаев

«Ел бірлігі - біздің баға жетпес байлығымыз. Кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келіп, Қазақстан туралы жалған ақпарат таратуда. Осындай әрекеттерге қарсы тұру үшін ақпараттық кеңістік арқылы өзімізде де, шетелде де үгіт-насихат жүргізу керек. Тағы да айтайын, Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Тәуелсіздігіміз бәріміз үшін ең құнды дүние. Тәуелсіздігіізді даңғаза ұрандармен емес, ақылмен, парасаттылықпен, біліммен, сабырмен қорғау қажет. Бұл мақсатқа жету үшін татулық керек. Еліміздің біртұтастығы - реформалардың табысты жүзеге асуының басты кепілі. Біз Тәуелсіздік кезеңінде толайым табысқа кенелдік. Оның бәріне бірлік пен ынтымақ саясатының арқасында жеттік. Сондықтан осы құндылықтарды сақтай білейік», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.