Кейбір заңнамалық актілерге атқарушылық іс жүргізуге орай толықтырулар енгізуге бағытталған құжат мақұлданды - Сенат
анның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста заң жобасына байланысты қосымша баяндама жасаған Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің мүшесі Иран Әміровтың айтуынша, бүгінде республикамыздағы сот актілерінің орындалу жағдайы азаматтар мен мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін толыққанды қорғайды деуге келмейді. Ал сот орындаушыларының жағдайы мен мәртебесін және оларды ынталандыру тәртібін регламенттейтін қолданыстағы заң нормаларының жетімсіздігі қалыптасқан жағдайға кері әсерін тигізуде. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң 1998 жылы қабылданған және содан бері ол құжатқа бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Алайда ол өзгерістердің барлығы осы күнге дейін сот актілерінің орындау тұжырымдамасына игі ықпал еткен емес. Сенаторлардың талқылауына ұсынылып отырған бүгінгі құжат осы айтылған мәселелерді реттейді», деді депутат.