Кейбір өңірлер «Дипломмен – ауылға» барған жас мамандарға біржолғы төлем мәселесін шешпей отыр - ДСМ

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына бейжай қарап отырған өңірлер бар екенін айтты.

министр здравоохранения Акмарал Альназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру үшін әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап ауылдық жерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне 100 айлық ең төменгі жалақы яғни 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылып жатыр. Алайда бүгінде төлемдерді төлеу бойынша шешімдер кейбір өңірлерде әлі күнге дейін қабылданбаған, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол «Ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасының аясында салынуға тиіс болған 32 көпбейінді орталық аудандық аурухананың алтауы ғана салынып біткенін айтты.

- 2025 жылдың соңына дейін тағы 12 көпбейінді орталық аудандық аурухананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оған 98 медицина қызметкерін даярлап жіберу жоспарланған, - деді Ақмарал Әлназарова.

Бұған дейін Павлодар ауылдарында қайтарылған активтер есебінен амбулаториялар салынатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар