Кейінгі 10 жылда жеміс шырындарының өндірісі 2,6 есе азайған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр жеміс шырындарының бағасы 2021 жылмен салыстырғанда 28,1% қымбаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Еnergyprom.kz ресурсының сараптамасында айтылған.

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында жеміс пен көкөніс шырындарын өндіру көлемі 65,4 млн литр болған. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 7,2% көп.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, бұл көрсеткіш бойынша Алматы облысы (27,9 млн литр), Алматы (4,7 млн литр) қаласы мен Түркістан облысы (1,3 млн литр) алғашқы үштікте тұр.

Бұл кезеңде өндірілген шырындардың 94,3%-ы жемістен алынған – 61,7 млн литр. Ал қалған 3,7 миллион литр шырын көкөністен алынған», - деп жазады Еnergyprom.kz.

2022 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша жеміс-көкөніс шырындарының бағасы бір айда 1,7% өскен. Әсіресе наурыз және сәуір айларында жеміс шырындары 3,6%, көкөніс шырындары 3,5% қымбаттаған.

«2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жеміс-көкөніс шырындарының бағасы 2022 жылдың желтоқсанында 28,1% өсті.

Өңірлер арасында ең елеулі жылдық өсім Қызылорда (45%), Жетісу (41%) және Ақмола (37,6%) облыстарында байқалды», - делінген сараптамада.

Фото: computerhoy.com
Соңғы жаңалықтар
telegram