Кейінгі бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен – Мемлекет басшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керек. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажет. Иә, экономикамыз өсіп жатыр», - деді Президент.

Мемлекет басшысы бірақ салық түсімдерінің ішкі жалпы өнімге қатысты өсу қарқыны тұрақсыз екенін баса айтты.

«Кейбір мамандар «Салық жеңілдіктері өте көп болған соң, түсім азайып жатыр» дейді. Бұдан басқа да себептер айтылады. Жалпы, соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен. Әрине бұл цифрдың дұрыс-бұрыстығын тексеру қажет. Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар
telegram