Кейінгі жылдары астаналықтардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 9,5 пайызға өсті

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Ең төменгі күнкөріс деңгейі Астана қаласында 2012 жылдың желтоқсан айында 19 267 теңгені құрады. Соңғы айда ол 0,5%-ға, ал 2011 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 9,5%-ға өсті, деп хабарлайды қалалық Статистика департаментінен.

Кейінгі жылдары астаналықтардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 9,5 пайызға өсті

Елорданың ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда, ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі негізгі тұтыну тағамдарының төменгі нормасынан алынып есептеледі. 2012 жылдың желтоқсан айында астаналықтарға ет пен балық сатып алу үшін шығындар үлесінің 24,4%-ы, сүт, майы аз тағамдар мен жұмыртқаға - 15,5%, жеміс пен көкөніске - 10,6%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 7,6%, қант, шай мен демдеуіштерге - 1,9% жұмсалды екен.