Кейкі батыр мүсіні мұражайға қойылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Халық батыры Кейкінің бас сүйегі Қостанай облысы Амангелді ауданының  А. Иманов атындағы мемориалдық мұражайына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кейкі батыр мүсіні мұражайға қойылды

«Батыр мүсінін Алматыдан алдырып, мұражайға жергілікті кәсіпкер Таңатар Ахметов жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпкер бас сүйекке байланысты Венгрияның және Ресей Федерациясының Мәдениет министрліктерінің берген бірнеше құжаттарын қоса табыс етті. Енді кез келген мұражайға келуші батырдың мүсінін көріп, құжаттармен таныса алады», - делінген Амангелді Иманов мемориалдық мұражайының хабарламасында.

Былтыр араға ғасырға жуық уақыт салып, былтыр елге оралған Кейкі батыр сүйегін жерлеу рәсімі Амангелді ауданында өткен болатын. 

Сүйекті жер қойнына тапсыру рəсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қостанай  облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Барани Андраш, ҚР Парламенті депутаты Қуаныш Сұлтанов, жазушы Сəбит Досанов қатысты.
null 

1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерінің бірі, халық батыры Кейкінің бас сүйегінің туған топырағына жерленуі ұлттық рухты бір көтерді. Кейінірек Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани Кейкі батырдың бас сүйегінің жерленуі қаралы рәсім болғанымен, қазақстандық-мажарлық рухани байланыстың символикалық дәлелі деп айтқан еді. 

null