Кейт Миддлтон Ұлыбританияның бюджетін миллиард фунтқа ұлғайтты
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Британдық басылымдар журналистерінің есептеуінше,
ханзада Уильямның жұбайы Кейт Миддлтон ел экономикасына 1 млрд. фунт стерлингтен кем емес ақша әкелді.
Бұл ретте, Британияның әрбір әйел тұрғыны ханзаданың жұбайы сияқты көріну үшін жылына 250 фунт жұмсайтын көрінеді, деп хабарлайды Утро.ру.
Уильям мен Кейт Миддлтонның некелесуі 2011 жылдың 29 сәуірінде Лондонның Вестминстерлік аббаттығында болды. Букингем сарайында өткен той таң атқанша жалғасты. Уильям мен Кейт Миддлтонның үйлену тойы Лондон көшелерінде мыңдаған адам мен екі миллиардқа жуық телекөрермен тамашалаған бүкіләлемдік шоуға айналды.