Кез келген арнаулы сала қажетінше мемлекеттік тілде сөйлеуі шарт - Ш. Құрманбайұлы

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кез келген арнаулы сала қажетінше мемлекеттік тілде сөйлеуі шарт. Әйтсе де, бұл халықаралық терминдерді тұтастай қазақшаға аудару керек дегенді білдірмейді.

Кез келген арнаулы сала қажетінше мемлекеттік тілде сөйлеуі шарт - Ш. Құрманбайұлы

Бұл туралы бүгін Мәдениет министрлігінде өткен жиын барысында Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлы осылай деді.

«Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бастап терминология саласында, қазақ тіліндегі термин шығармашылығы жүргізілмеген болатын. Енді ғана жандана бастаған бұл дұрыс үдеріс. Ал біраз уақыт қалыптасқан халықаралық терминдерді бекіту терминкомның міндетіне жатпайды. Ал олқы аударылып, дұрыс жасалмаған немесе жекелеген адамдардың бастамасымен ұсынылған терминдер Терминкоммен реттеліп отырады», - деді Ш. Құрманбайұлы.

Оның айтуынша, барлық сала бойынша, оның ішінде жаңадан өмірге еніп жатқан кибернетика, ақпараттық технология салаларының қазақша аудармасы жасалуы тиіс. Комитет төрағасы бұған қаржы бөлінуі тиістігін де атап өтті. «Кез келген арнаулы сала қажетінше мемлекеттік тілде сөйлеуі шарт. Дегенмен, бұл халықаралық терминдерді тұтастай қазақшаға аудару керек, дегенді білдірмейді», - дейді Ш. Құрманбайұлы.