Кездесуде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - Астана қаласы ІІД

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 22 қыркүйекте елордалық Ішкі істер департаментінде жоғары оқу орындарының басшыларымен жасөспірімдер және жастар ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Астана қ. ІІД-нің және полицияның көмекші отрядтарымен кездесуі өткізілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Астана қ. ІІД бастығы полиция генерал-майоры А.А. Әубәкіров отряд мүшелерін, сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшыларын бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар жаңадан тағайындалған отряд командирлеріне куәліктер табыс етіліп, әрі қарайға бірлескен жұмыстарына табыс тіледі.

Кездесуде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бірлескен жұмыс жоспары жасалып, отрядтар арасында тәжірибе алмасу жұмыстары талқыланды.

Жылдың басынан бері отряд мүшелері 1421 әкімшілік құқық бұзушылық анықтап, 13 қылмыс ашты.

Жыл сайын қала әкімдігі қоғамдық көмекшілерді марапаттау үшін 13 млн.теңге бөліп, оның ішінде марапатталатындардың арасында отряд мүшелері де бар, марапаттау құны 10 мың теңге болды.

Мәселен, Агротехникалық университет отряд мүшелері үшін жеке бюджеттен нысанды киім тігіп, тамақтану мен жатақханалардағы бөлмелерге жатуға талон бөліп берді.

Осындай мәселелер кездесу барысында талқыланды.

Соңғы жаңалықтар