Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кездейсоқ жүргінші бір бидонға бастары кептелген екі ешкіні құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде екі ешкінің бір бидонға бастары кептеліп қалған видеосы пайда болды. Бейнеролик YouTube бейнехостингінде жарияланды.

Кездейсоқ жүргінші бір бидонға бастары кептелген екі ешкіні құтқарды

Жазбада екі ешкі өз беттерімен бастарын бидоннан шығаруға тырысады. Мұны көрген сол маңайдан өтіп бара жатқан кездейсоқ жүргінші жануарларды бидон тұтқындығынан құтқарды. Маңыраған лақтарды босату үшін оған біраз тер төгуге тура келді.