Кезектен тыс аттестаттаудан өткен қаржы полициясының 82 пайызы атқарып жүрген лауазымдарына сәйкес деп бағаланды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кезектен тыс аттестаттаудан өткен қаржы полициясының 82 пайызы атқарып жүрген лауазымдарына сәйкес деп бағаланды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.
«Кезектен тыс аттестаттаудан өткен қаржы полициясының 3052 қызметкерінен 2508 қызметкер немесе 82 пайызы атқарып жүрген лауазымдарына сәйкес деп бағаланды, олардың 267-і немесе 11 пайызы жоғары лауазымдарға тағайындалуға лайық деп танылды. Бүгінгі күні кадрлық резервке енгізілуге ұсынылған қызметкерлердің 134-і жоғары лауазымдарға тағайындалып үлгерді», - деді ол.