Кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына 35 шетелдік байқаушы аккредиттелді - ҚР ОСК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына 35 шетелдік байқаушы аккредиттелді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.
«Бүгінгі таңда ҚР Орталық сайлау комисиясы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен екі халықаралық ұйым миссиясынан және бірқатар шетелдік мемлекеттен 35 байқаушыны аккредиттеді», - деді ол.
Т.Охлопкованың айтуынша, байқаушылардың 13-і ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан тіркелсе, 5 байқаушы ТМД миссиясы атынан, ал 17 байқаушы 10 мемлекеттің атынан кезектен тыс ҚР Президенті сайлауын байқамақ.
«Бұған қоса, ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеген. Олардың да ел аумағында сайлау барысын байқауға құқығы бар», - деді ҚР ОСК мүшесі.