Кезектен тыс Президент сайлауын бақылау мақсатында елімізде 540 байқаушы тіркелді
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін 3 сәуірге тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына қатысу үшін Сыртқы істер министрлігі ұсынған халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 150 байқаушысын тіркеді.
Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлапкованың айтуынша, осымен елімізде кезектен тыс Президент сайлауын бақылау мақсатында елімізде тіркелген ұзақмерзімді байқаушылардың жалпы саны 540-қа жетті. Олардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі институттары бюросынан - 132, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының миссиясынан -321, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының миссиясынан - 10, халықаралық ұйымдардан - 9, шет мемлекеттерден - 68 байқаушы тіркелді.